ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР






ПЕДАГОГИКАЛЫҚ






УНИВЕРСИТЕТІ

Қазақ қыздарының қара шаңырағы!
Университет туралы

Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті Қазақстан Республикасының жоғары оқу орны. Республикамызда ғана емес, бұрынғы КСРО, қазіргі ТМД елдері арасында тек аруларға арналған баламасыз бірден-бір жалғыз жоғары білім ордасы. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің символы – тұмар.

Қыздар институты құрылғаннан бастап 77 жыл ішінде оқу ордасын 60 мыңнан астам түлек бітіріп, республикамыздың түкпір-түкпірінде ұстаздық және қоғамдық жұмыстарда, өнер мен мәдениет салаларында жемісті еңбек етуде.

Оқу жылының бірінші жартысында 9 кафедрадан тұратын 3 факультетте 20 ұстаз, оның ішінде 5 ғылым кандидаты, 8 аға оқытушы, 7 оқытушы дәріс берді. Институттың директоры болып Қ.Оспанов тағайындалды.

Ал 1945 жылдың 11 қыркүйегінде институттың алғашқы ректоры болып Тұрсын Мырзабекова тағайындалды. Соғыстан кейінгі кезеңнің ауыртпашылығына қарамай, ұйымдастыру, қалыптастыру сияқты қыруар жұмыстарға көп күш салған алғашқы ректор-дың ерен еңбегін ерекше атаған жөн.

Даму тарихы
1944

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты ҚазКСР Халық Комиссарлар Кеңесінің қаулысымен 1944 жылғы 15 тамызда құрылды.

1955

1956 жылғы 14 қыркүйекте КСРО Жоғары білім министрлігінің 1956 жылғы 18 тамызындағы № 139 бұйрығының негізінде институт барлық педагогикалық жоғары оқу орындары сияқты 5 жылдық оқу мерзіміне көшірілді

1969

1969 жылғы 20 қазанда институттың 25 жылдық мерейтойы салтанатты түрде Абай атындағы опера және балет театрында аталып өтті.

1984

1984 жылдан бастап институттың кітапхана, жаңа технологиямен жабдықталған дәрісхана, жатақхана, спорт кешендеріне құрылыс жұмыстары жүргізіліп, материалдық базасы жаңғыртыла бастады.

1994

1994 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының құрылғанына 50 жыл толды. Осы жылы білім ордасының жарты ғасырлық өмірінен сыр шерткен «Қызғалдақтар, қызғалдақтар...» атты кітап жарық көрді.

2019

2019 жылғы 23 қарашада университеттің 75 жылдығы аталып өтті.

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің жанынан Кәсіби білім беру колледжі ашылды.

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Спорттық инфрақұрылым
Оқу үдерісін ұйымдастыру және студенттер мен қызметкерлердің салауатты өмір салтын сақтау үшін университет заманауи спорттық инфрақұрылымға ие:

«Аққу» жүзу бассейні жалпы ауданы 633,5 ш. м. 32 орынға 4 жүзу жолы бар (ұзындығы 25 м.).

Университеттің жалпы алаңы 1125 шаршы метрді құрайтын оқу-спорттық кешені бар:

  1. Баскетбол және волейбол, футбол алаңдарымен жабдықталған үлкен ойын спорт залы, жалпы ауданы 549,5 ш. м.
  2. Швед қабырғасы мен тренажерлар, гимнастикалық орындықтар және жалпы ауданы 110,8 ш. м. бейне және аудио аппаратурамен жабдықталған гимнастикалық айна залы.
Дзюдоға арналған кілемдер (тата), тренажерлер, теннис үстелдері, гимнастикалық орындықтармен жабдықталған жалпы ауданы 328,3 ш.м. жекпе-жек залы. Сондай-ақ ЕДШ және массаж кабинеті жұмыс істейді.
Университет жыл сайын дене шынықтыру бойынша академиялық сабақтарды табысты өткізіп, жеңіл атлетика бойынша нормативтерді тапсыру үшін күзгі-көктемгі кезеңде жалпы ауданы 980 шаршы метр «Динамо» стадионын (2 жеңіл атлетикалық жүгіру жолы) жалға алады.
Спорт кешенінің ғимараты күзет пен техникалық қызметкерлердің қосалқы қызметтерімен жарақтандырылған және жалпыуниверситеттік коммуникациялық жүйеге қосылған, телефон мен факсимильді байланыс бар.
Белгілі түлектер

1959-1962 жылдардағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының ректоры.1967–1975 жылдары ҚазССР Жоғары және Арнаулы Орта білім министрлігінде жоғары оқу орындарын басқару бөлімінде коллегия мүшесі, 1975 жылдың қаңтарынан бастап Алматы шет тілдер институтының КПСС тарихы кафедрасына аға оқытушысы болып еңбек етті.

Ибраева Ажар Хакімқызы

1968-1984 жылдардағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының ректоры.К. Құнантаева институтқа басшылық еткен жылдары студенттер контингенті 3600-дан 6200-ге жетті. Сондай-ақ факультеттер саны 4-тен 6-ға, кафедралар саны 19-дан 28-ге артты. Студенттерге арналған медициналық орталық және мұғалімдер мен қызметкерлерге арналған Қапшағай су қоймасының жанынан демалыс орны ашылып жұмыс істей бастағаны да осы уақытта.


Құнантаева Күләш Құнантайқызы

«Махаббат, қызық мол жылдар» романының басты кейіпкері.

Еңбек жолын орта мектепте мұғалім болып бастаған. Сонымен қатар Х. Қалиәкпарқызы екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, майдан даласында 581–ші байланыс батальонының қарамағындағы 12 әуе әскерлері армиясының үздік радисткасы болған.

Нұршайықова Халима Қалиәкпарқызы

А. Осман – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Ол «Достық», «Парасат», «Бауыржан Момышұлы» ордендерімен, «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Астанаға 10 жыл», «Мәдениет қайраткері», Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік», «Батыр шапағаты», «Сауап», «Кітап мәдениетіне қосқан зор үлесі үшін» медальдарымен және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған. «Тіл жанашыры», «Ұлт жанашыры», «Ана тілі», «Нұр Отан» партиясының «Белсенді қызметі үшін» белгілерінің иегері.

Асылы Осман Әлиқызы

А. Бақтыгерейқызының «Өрімтал» атты тұңғыш өлеңдер жинағы 1967 жылы жарық көрді. 1969 жылы «Наз», 1971 жылы «Қанышым – іңкәрім», 1973 жылы «Сені ойлаймын», 1975 жылы «Ақ қанат», 1978 жылы «Бақыт әні», 1980 жылы «Жайық қызы», 1981 жылы «Белокрылая», 1985 жылы «Ақжелең», 1990 жылы «Сүмбіле» атты кітаптары, 2001 жылы «Ақ шағала» атты таңдамалы жыр жинағы және 2004 жылы «Лебединая верность» атты жинағы жарық көрді. Ол Сильва Капутикян, Анна Ахматова, Вероника Тушнова сынды ақындардың өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Көптеген ән мәтіндерінің авторы.
Бақтыгереева Ақұштап Бақтыгерейқызы
Галина Жұмабекқызы «Қазақстан Республикасының халықтық білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» медалімен, «ҚР Білім беру ісінің кұрметті қызметкері» төсбелгісімен, «Қазақстанның Мәдениет қайраткері» атағымен марапатталған.
Қарамолдаева Галина Жұмабекқызы
Студенттің ұсыныстыры

Байланыстар

Біз әлеуметтік желілердеміз:

Kazakh National Women's Teacher Training University
This site was made on Tilda — a website builder that helps to create a website without any code
Create a website